Маңғыстау перинаталдық орталығы

​Маңғыстау перинаталдық орталығы (бұдан әрі - Орталық)аумақтық перинатальдық көмектің 3 деңгейі болып табылады.Жүкті әйелдерге, жоғарғы қауіпі бар топтағы босанатын әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, жаңа туған,шала туған және аз салмақты нәрестелерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитарлық және консультативті- диагностикалық көмек көрсетеді.Лицензиялау және аккредиттеу өткен.

Қазіргі кезде Орталықтың өз құрамында 230 төсек-орын бар. Келесі бөлімшелер қызмет көрсетеді:

  • акушерлік бөлімше - 100 төсек- орын,
  • жүкті әйелдер патология бөлімшесі - 50 төсек,
  • ересектердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі – 9 төсек орын,
  • жаңа туған нәрестелердің реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі - 12 төсек орын,
  • шала туған нәрестелерді 2-кезеңде күту бөлімшесі- 30 төсек орын,
  • гинекологиялық бөлімшесі-35 төсек орын,күндізгі стационар бөлімі- 20 төсек орын,
  • эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімшесі -15 төсек орын.

Орталықта барлығы 530 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде29дәрігер, 277орта буынды медициналық қызметкерлер. Оның ішінде 11 жоғары санатты дәрігерлер, 15 бірінші санатты дәрігерлер және 3 екінші санатты дәрігерлер.

МДЗ және медициналық жабдықтармен жарақтандыру 90,2% құрайды.

Миссия
Нәрестелер мен әйелдiң денсаулығын қорғауда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетудiң сапасын жоғарылау үшiн қолайлы жағдайлар жасау

Саясаты
1. Ана мен нәрестелiк өлiм-жiтiм тұрақты төмендету үшін қазiргi перинаталь технологияларын енгiзу және медициналық жәрдемнің сапасын жоғарылату арқылы нәрестелер мен әйелдiң денсаулығын қорғауда жан-жақты кемелдену

Мақсаты
Әйелдердiң денсаулығын сақтау және дені сау нәрестелердің дүниеге келуіне мүмкiндiк туғызу

Құндылықтары
• Жеке бас және өзіндік дамуды iске асыру;
• Тәлiмгерлiк;
• Жауапкершiлiк;
• Пациент құқығын сыйлау;
• Шыдамдылық;
• Профессионализм;
• Ынтымақтастық;
• Гуманизм;
• Адалдық және шыншылдық;
• Мiндеттiлiк алу;
• Игiлiк таныту (тiлектестiк);
• Басқа адамдарға жамандық келтiрмеу;
• Қоғамдық меншiкке зиян келтiрмеу.

басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Блогқа өту